11:12, 12 Мамыр 2010 | GMT +5
Дэвис кубогы: Қазақстан Швейцарияны қабылдайды
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат - Лондондағы Халықаралық теннис федерациясының штаб-пәтерінде ағымдағы жылы қыркүйектің 17-19-ы аралығында өтетін Дэвис кубогы плей-офф ойындарына жеребе тастау рәсімі өтті.
Бұл туралы ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Жеребе барысында теннистен Қазақстан құрамасының Дэвис кубогы плей-офф ойындарындағы қарсыласы болып Швейцария командасы түсті. Кездесу 2010 жылы қыркүйектің 17-19-ы күндері Қазақстанда өтеді.
Сонымен қатар плей-офф ойындарының жұптары былайша белгіленді: Үндістан-Бразилия, Колумбия-АШ, Израиль-Австрия, Германия-ОАР, Швеция-Италия, Австралия-Бельгия, Румыния-Эквадор.