19:46, 11 Ақпан 2011 | GMT +5
«Диабет» қоғамының құрылғанына 10 жыл толды - БҚО
ОРАЛ. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда «Диабет» қоғамының 10 жылдығы аталып өтілді.
«Диабет» қоғамы облыстық бірлестігінің төрайымы Тамара Истоминаның айтуынша, қант диабетіне шалдыққан адамдарға көмектесу, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында құрылған ұйым құрамында қазіргі кезде 48 мүше бар. 10 жыл ішінде қоғамның филиалдары Теректі, Тасқала, Ақжайық, Зеленов аудандарында құрылып, жұмыс жасап келеді. Биылғы жылы Қаратөбе, Шыңғырлау және Сырым аудандарында ашу көзделіп отыр. «Бізге алыс ауылдарда тұратын диабетпен сырқаттанатындар жөнінде үнемі мәлімет алып тұру керек. Өкінішке қарай, олар дәрі-дәрмек алу үшін қалаға келеді. Мұны ауылдық жердегі дәріханалар арқылы шешуге де болар еді. Біз бұдан былай да өз жұмысымызды белсенді жүргізетін боламыз», - Т.Истомина.