Диана ханшайым мен Уинстон Черчилльдің өсиеттері желіге шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның ұлттық мұрағаты сенбі күні, 27 желтоқсанда британдықтардың 41 миллионға тарта өсиеттерін интернетке салды, деп хабарлады Agence France-Presse. Құжаттардың қысқаша түрдегі негізгі ережелерімен тегін танысуға болады, ал сандық көшірмесі үшін 10 фунт стерлинг (13 еуроға тарта) ақша төлеуге туралы келеді, деп атап өтті lenta.ru.
None
None

Портал келушілері, атап айтқанда Диана ханшайымның, премьер-министр Уинстон Черчилльдің, жазушылар Чарльз Диккенс пен Джордж Оруэллдің, «Виини Пух» авторы Алан Милннің, криптограф Алан Тьюрингтің, сондай-ақ басқа да танымал және қатардағы британдықтардың соңғы тілегімен таныса алады.

1870 жылы дүниеден өткен Диккенс, атап айтқанда, өзін жерлеуге байланысты нақты өкім берген. «Мені жерлеу қымбатқа түспейтін, қарапайым түрде өтетін болуын талап етемін», деген «Оливер Твистің» авторы. Сонымен қатар ол рәсім кезінде мойнына шұлық салып, қаралы перделі қалпақ киюге үзілді-кесілді қарсы болған.

Алан Милн өз кітаптарынан түсетін болашақтағы кірістердің бір бөлігін Лондондағы өзінің сүйікті клубына, сондай-ақ өзі 1956 жылы қайтыс болған Вестмистер мектебіне өсиет еткен.

Өсиеттердің онлайн-жинағы 19-ғасырдың ортасынан бастап, біржарым ғасырлық кезеңді қамтиды. Ұйымдастырушылар мұрағат көптеген британдықтардың өз отбасыларының ат-тегінен хабар беруіне көмектеседі деп есептейді. Барлық құжаттардың түпнұсқалары Орталық Англиядағы Бирмингемде орналасқан мұрағатта сақтаулы және оқып-зерделеуге қолжетімді екені атап өтілген. 

 

 

Соңғы жаңалықтар