Диас Молжігітов Таиландтағы турнирде финалда қытайлық қазақты жеңіп кетті
АСТАНА. KAZINFORM — Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Thailand Open халықаралық турнирінде Диас Молжігітов (80 келі) чемпион атанды.

Қазақстандық былғары қолғап шебері финалда Қытай құрамасындағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқаннан басым түсті.
Айта кетсек, бұдан бұрын еліміздің ерлер құрамасынан Төрехан Сабырхан (70 келі) чемпион атанды.
Халықаралық турнирге ерлер құрамасында 10 боксшы барды. Олардың арасынан Диас пен Төреханнан басқа Дулат Бекбауов (65 келі), Данияр Рахымбердиев (90 келі), Бекзат Таңатар (85 келі) мен Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.
Енді әйелдер құрамасында Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) және Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.
Дәстүрлі турнир 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өткізіліп жатыр. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд және тағы басқа елдің былғары қолғап шеберлері қатысады деп жоспарланған.