02:45, 27 Наурыз 2026 | GMT +5
Диас Жиренбаев әлем чемпионатында дебют жасады
АСТАНА.KAZINFORM - Чехия астанасы Прагада мәнерлеп сырғанаудан ерлер қысқа бағдарламада сайысқа түсті.
Қазақстан атынан 22 жастағы Диас Жиренбаев алғаш рет жаһандық додаға қатысып, 59.34 ұпай жинады. Осылайша отандасымыз жарыс жолын аяқтады.
Айта кетейік, Милан Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоров биылғы әлем чемпионатына қатыспауға шешім қабылдаған.
Қысқа бағдарламаның қорытындысы:
1-орын. Илья Малинин (АҚШ) - 111.29 ұпай
2-орын. Адам Сяо Хим Фа (Франция) - 101.85 ұпай
3-орын. Александр Селевко (Эстония) - 96.49 ұпай
Енді ертең, 27 наурыз күні әйелдер бәсекесінде Софья Самоделкина шешуші еркін бағдарламада өнер көрсетеді.
Айта кетелік Софья Самоделкина әлем чемпионатының еркін бағдарламасына жолдама алған еді.