Диас Жиренбаев ISU Гран-при кезеңдеріне қатысуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) Гран-при сериясы кезеңдеріне қатысатын қосалқы спортшылардың жаңартылған тізіміне енді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Америкалық журналист Джеки Вонг X әлеуметтік желісіндегі парақшасында ISU жарыс кезеңдерінде спортшылар жинаған ұпайлар қосалқы қатысушылар тізіміндегі орнын анықтау кезінде ескерілетінін растағанын жазды. Бағдарламаның төрт түрі бойынша қосалқы спортшылар тізімі 22 қазаннан бері енді жаңартылды.
Ерлер арасындағы жекелей сында Диас Жиренбаев 208,68 ұпаймен 23-орында тұр. Қосалқы спортшылар тізімінің алғашқы екі сатысына бейтарап мәртебеде өнер көрсететін ресейліктер Евгений Семененко (292,09 ұпай) мен Петр Гуменник (261,76 ұпай) жайғасқан. Үшінші орында мексикалық Донован Каррильо (240,38 ұпай).
Update: The ISU got back to me re: Grand Prix scores for the alternates list - they do, in fact, count (still unsure as to why the list wasn't updated from 10/22 until today) But of course, it coincides with them having actually updated the alternates list today https://t.co/iAZ1eaZlMr
— Jackie Wong (@rockerskating) November 18, 2026
Бұл тізімге ену мәнерлеп сырғанаушыларға Гран-при сериясының негізгі кезеңдерінен жарыстан шығып қалған спортшылардың орнына қатысуға мүмкіндік береді. Алайда бұл мүмкіндік серияның финалдық турниріне қолданылмайды.
Сонымен қатар Диас Жиренбаев 20-22 қарашада Хельсинкиде өтетін Finlandia Trophy турниріне қатыса алмайды. Виза мәселесіне байланысты Евгений Семененко жарыстан бас тартқаннан кейін оның орнына қосалқы спортшылар тізімінде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыдан жоғары тұрған израильдік Тамир Куперман шақырылды.
Бұған дейін Қазақстан атынан Гран-при кезеңдерінде Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина өнер көрсеткен еді. Алайда олардың екеуі де жарысты аяқтап, финалдық кезеңге жолдама ала алмады.
Айта кетейік, Софья Самоделкина АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды.
Бұған дейін қазақстандық екі мәнерлеп сырғанаушы Эстониядағы Challenger турнирінде бақ сынайды.