Қазақстандық екі мәнерлеп сырғанаушы Эстониядағы Challenger турнирінде бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM — Эстонияның Таллин қаласында Challenger сериясына кіретін мәнерлеп сырғанаудан Tallinn Trophy халықаралық турнирі басталды.

Қазақстандық екі мәнерлеп сырғанаушы Эстониядағы Challenger турнирінде бақ сынайды
Фото: ҚР ҰОК

Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан намысын Никита Кривошеев пен Артур Смағұлов қорғайды.

18 қарашада спортшылар қысқа бағдарламаны орындаса, 19 қарашада еркін бағдарламада өнер көрсетеді.

Ерлер арасындағы бәсекеде 24 спортшы жүлдеге таласады.

Еске салайық, мұның алдында Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан әлемдік рейтингте екінші орнын сақтап қалғанын жазғанбыз.