18:06, 09 Маусым 2023 | GMT +5
«Дикий Арман» күш құрылымдарын азаптау фактісі бойынша сотта жеңіп шықты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев күш құрылымдарын азаптау фактісі бойынша сотта жеңіп шықты. Бұл туралы адвокат Олег Чернов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ол (Дикий Арман) азаптау және құқық қорғау органдарының өзге заңсыз әрекеттеріне қатысты сотта жеңді. Бүгін бұл туралы біліп, қатты қуанды. Заң ол үшін жұмыс істемейтінін, бірақ бүгін таңғажайып оқиғаның болғанын айтты», – деп жазды Олег Чернов. Аталған іске қатысты сот жабық түрде өткендіктен, қалалық сот өкілдері ақпарат таратылмайтынын жеткізді.
Бұған дейін сот Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімін 7 тамызға дейін созған еді. Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын. Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманың» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.