«Дикий» Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Дикий» Арман атанып кеткен Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
Видеодан алынған кадр

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 сәуірдегі хабарламасы бойынша, сот қаулысымен тергеу органының өтініші қанағаттандырылды. А. Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамау мерзімін 2 айға, яғни 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді», - делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, былтыр Қаңтар оқиғасынан кейін Алматыда полицейлер «Дикий» Арман лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы оның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар
Референдум