Димаш әйгілі Пласидо Домингомен бірге ән шырқайды

АСТАНА. KAZINFORM - Димаш Құдайберген Вьетнам астанасы Ханой қаласына барды.

Димаш әйгілі Пласидо Домингомен бірге ән шырқайды
Фото: dimashnews.com

Бұл туралы әншінің dimashnews.com сайтынан мәлім болды.

Ной Бай әуежайында қазақстандық өнерпазды жергілікті фан-клубтың жанкүйерлері қарсы алды.

Вьетнамдық Dears-тың бірі тіпті Димашты қазақ тілінде қарсы алып, құттықтады.

Вьетнам жеріндегі кездесу әдеттегідей гүл шоқтарымен және әншінің жанкүйерлеріне берген қолтаңбасымен ыстық сезімге толы болды.

6 шілдеде Димаш Sun Symphony Orchestra-ның сүйемелдеуімен Хо Гом театрының сахнасында Пласидо Доминго және Кристин Ополайспен бірге өнер көрсетеді.

Концерт Вьетнам астанасының жаңа мәдени символдарының бірі Хо Гом театрының екінші туған күніне орай ұйымдастырылды.

Осыған дейін қазақстандық өнерпаздың Лара Фабианның Лондондағы концертінде арнайы қонақ ретінде өнер көрсеткені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар