Димаш Құдайберген Ақтөбенің орталық стадионында бейнебаян түсіріп жатыр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Орталық стадионға жастар, жанкүйерлер жиналды. 12 800 орындық стадион «Ақерке» әнін орындады.

а
Фото: Диапазон

Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы орталық стадионға жоғары оқу орындарының студенттері, оқушылар мен жанкүйерлер жиналып жатыр. Адамдар түстен бастап келіп, алдын ала орын алды. Қандай да іріктеу, шектеу болмай, алаңға келуге мүмкіндік жасалды.

Димаш Құдайберген Орталық стадионда халық әні «Ақеркені» орындады. Ол алдымен ақтөбеліктерге алғысын айтып, үлес қосқаны үшін ризашылығын білдірді.

Димаш Құдайберген Ақтөбенің орталық стадионында бейнебаян түсіріп жатыр
Фото: Алтынай Сағындықова

- Жастар жиналыпты. Барлықтарыңызды көргеніме қуаныштымын. Мен осы сәтті асыға күттім. Сіздер менің әрдайым жүрегімдесіңдер. Туған жерге, кіндік қанымыз тамған жерге келіп, сіздердің жүздеріңізді көргеніме қуаныштымын. Сағындым. Ақтөбеміз үшін, Қазақстанымыз үшін ерекше, бүкіл әлем алдында ұялмай көресететін клип болып шығады деген үміттемін,- деді әнші Димаш Құдайберген.

Еске салсақ, Димаш Құдайберген туған жеріне өткен аптада келді. Димаш өзі оқыған мектебіне барып, ұстаздарын қуантты. Сондай-ақ Ақтөбеде әртістің өзіне арналған ауқымды LEGO-портретті жасаған оқушылармен кездесті.