Димаш Құдайберген Ресей сахнасында қарындасын туған күнімен құттықтады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайберген Сочи қаласында ән шырқап, сахнада қарындасын туған күнімен құттықтады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш Құдайберген Ресей сахнасында қарындасын туған күнімен құттықтады

Раушан Құдайберген 18 жасқа толды. Оны ата-анасы, ата-әжесі әлеуметтік желі арқылы құттықтаса, ағасы Димаш Құдайберген сахнада тілегін жеткізді.

«Бүгін мен үшін ерекше күн. Бүгін қарындасым 18 жасқа толды. Оған бар жақсылықты тілеймін және оны жақсы көремін», - деді әнші Димаш Құдайберген.

Сонымен қатар әлемнің әр түкпіріндегі әншінің фанаттары оның қарындасын құттықтап, жылы лебіздерін білдірген.