Димаш Құдайберген Шанхай халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатында өнер көрсетті
АСТАНА. KAZINFORM – 21 маусымда Қытайда 27th Shanghai International Film Festival (27-ші Шанхай халықаралық кинофестивалінің) жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды dimashnews.com.

Шарада Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген әйгілі классикалық туындылардың бірі – Эдит Пиафтың орындауында кеңінен танымал болған «Hymne à l’amour» әнін ұсынды.
Димаш махаббат әнұранын қытай, ағылшын және француз тілдерінде орындап, жылы сезімді жүректен жүрекке жеткізіп, жастық сезім екпінін даналықпен ұштастырды.
Дүниежүзілік кино өнерінің 130 жылдығы мен Қытай киносының 120 жылдығымен тұспа-тұс келген Қытай киносының туған жері Шанхай Хауңпу өзенінің жағасында әлемнің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам режиссерді қарсы алды.
Шанхай мен оның маңындағы аймақтағы 50-ге жуық кинотеатрда 71 елден 400 фильм көрсетілді. Фильмдер «Негізгі байқау», «Азиялық жаңадан келгендер», «Деректі фильм», «Анимация» және «Қысқаметражды фильм» атты бес номинация бойынша «Алтын кубок» жүлдесін сарапқа салды.