Димаш Құдайберген Токиода өтетін ABU TV Song фестивалінде өнер көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайберген қараша айында Жапония астанасы Токиода өтетін ABU TV Song фестивалінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
None
None

Ол музыкалық шараға арнайы қонақ ретінде шақырылған. Димаштан бөлек, бұл беделді телевизиялық фестивальде Түркия, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Қытай, Индонезия және үндістандық жұлдыздар да көрерменге өз әндерін ұсынбақ.

Айта кетейік, шараны «Хабар» телеарнасы өз эфирінде көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар