Димаш Құдайберген ТҮРКІСОЙ елдері концертінде өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікмендік Мары қаласында 26-28 қараша аралығында 2015 жылы ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымымен жарияланған «Мары - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының жабылуына орай салтанатты шаралар өтеді, деп хабарлайды ТҮРКІСОЙ ұйымының баспасөз қызметінен.
None
None

26 қарашада өтетін ТҮРКІСОЙ тұрақты кеңесінің XXXIII отырысында ұйымға мүше (Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан) түркі тілдес елдердің және бақылаушы мүше елдердің (Алтай, Башқұрстан, Татарстан т.б.) мәдениет министрлері кездеспек. Отырыстың күн тәртібіне ұйымның алдағы кезеңге қызметінің бағдарламасын бекіту мен міндеттерін айқындау мәселелері қойылмақ. Сонымен қатар отырыс аясында ТҮРКІСОЙ 18-ші пленэрі қорытындылары бойынша бейнелеу өнері саласындағы сыйлықтармен марапаттау өтеді.

Ал 27 қарашада Мары қаласындағы «Ак ойи» концерт залында түркі әлемі өнер шеберлерінің концерті өтеді.

28 қарашада қаладағы Кемине атындағы Мемлекеттік драма театрында «Мары - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы бағдарламасының жабылуы өтеді. Оның аясында ТҮРКІСОЙ министрлерімен таңдалған қалаға түркі әлемінің мәдени астанасы символы тапсырылатын болады.

Салтанатты шарада түркі әлемінің өнерпаздары, атап айтқанда, түркиялық «Түркі әлемі» ансамблі, Татарстанның мемлекеттік фольклорлық музыка ансамблі, башқұрстандық «Мирас» ән-би ансамблі, қырғызстандық «Сымбат» би ансамблі т.б. өнер көрсетеді. Сонымен қатар мәдени шарада қазақстандық әнші, «Славян базары-2015» халықаралық байқауының жеңімпазы Димаш Құдайберген де көпшілік алдында өз өнерін паш етпек.

Соңғы жаңалықтар