Димаш Құдайберген тың челлендж бастады

None
Still image instagram.com/kudaibergenov.dimash
АСТАНА. ҚазАқпарат – Танымал әнші Димаш Құдайберген қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында тың челлендж бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ассалаумағалейкум, құрметті достар, отандастар! Хакім Абай атамыздың мерейтойы қарсаңында әдемі челлендж бастағалы отырмыз. Абай атамыздың дәл мен секілді жүректеріңіз қалаған кез келген шығармасын жаттап немесе оқып, дәл осылай бейнетаспаға түсіріп, желіге салып, тарататын болсаңыздар, челленджіміздің басталғаны деп білемін», - деді әнші Instagram парақшасы арқылы оқырманына жолдаған челленджінде.

Димаш Құдайберген бейнеүндеу барысында Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа оқыды.

«Бұл челленджді әлемдегі барлық жанкүйерлеріме және өнердегі әріптестеріме жолдағым келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай», - деп атап өтеді әнші сөз соңында.

Айта кетейік, бүгін оқушылар арасында дәстүрлі республикалық Абай оқулары басталды.


Соңғы жаңалықтар
telegram