Димаш Құдайбергенді Сантьяго әуежайында жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Чилиге алғаш рет барды.

Димаш Құдайбергенді Сантьяго әуежайында жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды
Фото: Dimashnews

Сантьягода өтетін концерті қарсаңында оны әуежайдан жанкүйерлері күтіп алды. Концерт билеттері алдын ала толық сатылып кеткен. Бұл туралы Dimashnews жазды.

Чилидегі алғашқы сәлемдесу әнші ұшаққа қонбай тұрып-ақ естілді. Ұшақ қонғаннан кейін әуе кемесінің ұшқышы қазақстандық өнерпаз бен оның командасына арнайы құттықтау сөзін арнады.

Димаш Құдайбергенді Сантьяго әуежайында жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды
Фото: Dimashnews

— Чилиге келген Димаш Құдайберген мен оның командасын қарсы аламыз. Мұнда өнерпаздың көптен күткен концерті өтеді. Қош келдіңіздер! — деді ұшқыш.

Әуежайда Димашты оның Чилиге келуін көп жылдан бері асыға күткен жанкүйерлері қарсы алды. Осы ерекше сәтке орай Dears фан-клубының мүшелері қазақстандық әншіге жылы ықыласын білдіріп, қолдау көрсетті.

Димаш Құдайбергенді Сантьяго әуежайында жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды
Фото: Dimashnews

Чили жұртының алдағы концертке қызығушылығы әнші елге келмей тұрып-ақ байқалды. Сантьягодағы концерттің барлық билеті алдын ала сатылып кеткен.

Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайбергенге әлемдік бокстың ең мәртебелі марапаттарының бірі табысталғанын жазғанбыз.