Димаш Құдайбергеннің әлемдік туры босқындар мәселесіне назар аудартпақ

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) өзінің Ізгі ниет елшісі, әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен бірлесіп жаңа бастаманы іске қосқанын мәлімдеді, деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтары. 

Димаш
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Алдағы әлемдік туры аясында әртіс миллиондаған мигрант пен мәжбүрлі түрде қоныс аударғандар тап болып отырған жаһандық гуманитарлық дағдарыс пен қиындықтарға қоғам назарын аудармақ.

ХКҰ атап өткендей, әншімен ынтымақтастық адамдардың дағдарыс жағдайында тап болатын қиындықтары туралы кеңінен баяндауға және агенттіктің жұмысына қолдау көрсету үшін қаражат жинауға мүмкіндік береді.

— Димаш адамдарды олардың шыққан тегіне қарамастан біріктіре алатын музыканың күші бар екеніне сенеді. Оның ХКҰ-ның Ізгі ниет елшісі ретіндегі ұстанымы көші-қон — адамзат тарихының ажырамас бөлігі деген ортақ сенімімізді бейнелейді. Әр адам өз үлесін қосып, қоғамның бір бөлігіне айналып, өзіне және өз қауымдастығына жақсы болашақ құру мүмкіндігіне лайық, — деді Халықаралық көші-қон ұйымының Бас директоры Эми Поуп. 

Айта кетелік Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері Нью-Йоркте қошемет көрсетіп қарсы алған еді.

Соңғы жаңалықтар