07:02, 09 Желтоқсан 2019 | GMT +5
Димашты Нью-Иорктегі жанкүйерлері Қазақстанның жалауымен қарсы алды
НЬЮ-ИОРК. ҚазАқпарат – Димашты жанкүйерлері Нью-Иорктегі Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайында Қазақстанның жалауымен қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сілтеме жасап.

Нью-Иорктегі Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайы өзінің тарихында көптеген танымал тұлғалар мен жарқын кездесулердің куәсі болғаны анық. Алайда АҚШ-тың ең ірі әуежайларының бірде-бірінде алыстағы Қазақстанан келген әншіні дәл бұлай, үлкен салтанатпен қарсы алмаған болар. Димаш Құдайбергенді әлемнің түкпір-түкпірінен келген 150-ге тарта жанкүйері гүл шоқтарымен күтіп алды.
Димаштың Нью-Йорктегі концертіне билеттер бір жарым айда сатылып кеткен. Сондай-ақ, әншінің Нью-Йоркте 10 желтоқсанда өтетін жеке концертіне әлемнің 51 елінен жанкүйерлер барады.