Димаштың америкалық жанкүйері әншінің отанына мұхит асып келді

Патрис Груллион Лос-Анжелестен келген. Оның айтуынша, Димаш әр концертінің соңында: «Қазақстанға қош келдіңіздер!» дейді және белгілі әншінің бұл сөздері жанкүйерінің Қазақстанға келуіне шешім қабылдатқан.
Ол Қазақстанда үш ай болмақшы. Осы уақыт аралығында қазақ тілін меңгеріп, еліміздің мәдениеті және салт-дәстүрімен танысуды жоспарлап отыр. Димаштың жанкүйері ол оқитын университетте болып та үлгерген. Енді Алматыдағы оның концерті мен сүйікті әншісінің туып-өскен жерін көру үшін Ақтөбе қаласына аттанады.
Патрис бұған дейін ешбір жанкүйерлер клубына мүше болып көрмегендігін айтты. Қазір ол «Димаш USA» және Лос-Анжелестегі «Димаш Құдайберген» фан-клубтарының мүшесі.
«Мен қазақстандықтардың Димаштың әлемге қалай әсер еткенін түсінгенін қалаймын. Ол әртүрлі мәдениеттер мен елдерді, әртүрлі жастағы және түрлі деңгейдегі адамдарды байланыстырды. Біз барлығымыз туысқандар сияқты араласып кеттік», - дейді Патрис.