18:20, 31 Наурыз 2017 | GMT +5
Димаштың «егізі» табылды
АСТАНА. қазАқпарат - Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергенге қатты ұқсайтын Михайлов театрының жеке әншісі әрі бишісі Джулиан Маккей туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Инстаграм желісінде Джулиан Маккейдің суретінің астына әр елдің тұрғындары Димашпен қатты ұқсайтынын айтып, пікір қалдырған.
«Димаш екеуіңіз егіз адам сияқтысыздар. Екеуіңіз де әдемісіздер»,-деп жазған yenni_kwan есімді пайдаланушы.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш Қытайдағы Singer жобасына қатысқан соң, әлем бойынша атақты әншілердің біріне айналды. Француз әншісі Лара Фабиан Димашпен өзі кездесіп, 27 маусым күні Қазақстанда бірге концерт беретінін растады.