Дін істері агенттігінің төрағасы Қ. Лама Шариф Малайзия елшісімен жүздесті

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қайрат Лама Шариф Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дато Ахмад Расиди Хазизимен кездесті. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Жылы шырайлы жүздесу барысында агенттіктің басшысы Елшіні Қазақстандағы қазіргі діни ахуалмен таныстырды. Сонымен қатар, дін саласындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың жолдары мен келешегі туралы жан-жақты пікір алмасу болып өтті.

Өз кезегінде Елші Дато Ахмад Расиди Хазизи Малайзия елінің конституциясына сәйкес ислам діні - ресми дін болып саналатынын айтып, Малайзия өкіметі өз елінде «байсалды әрі білімпаздықпен сусындалған исламды» дамытуды қамтамасыз етуге барынша тырысып бағатынын алға тартты. Аталмыш елдің ұстанымы бойынша тек дін мәселелерін байыпты шешу арқылы ғана қазіргі болып жатқан проблемаларды түсініп, олардың оң шешімін табуға болады. Малайзия бүгінде қалыптасып жатқан жағдайды елемей, фундаментализмге шақыратындардан исламды қорғайды. Сонымен қатар, исламның радикалдануының алдын алуға, соның ішінде исламдық діни тәжірибенің қатаң ережелерін жеңілдету және оңтайландыру арқылы жол бермеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Малайзиялық дипломаттың айтуынша, 2010 жылы Нью-Йорк қаласында Малайзияның Премьер-Министрі Наджиб Тун Абдул Разак БҰҰ Бас ассамблеясының 65-ші сессиясында өз сөзінде «байсалдылардың жаһандық қозғалысы» идеясын алға тартты. Бұл идея Малайзия тәжірибесіне сүйене отырып, жаһандық деңгейде исламдағы байсалдылық пен толеранттылықты алға жылжытудан тұрады.

Кездесу соңында екі тарап осы бағытта сындарлы сұхбат жүргізуге уәделесіп тарқасты.

Соңғы жаңалықтар