Дін істері бойынша департаментті Манарбек Мұхамеджанов басқарады - ШҚО

ӨСКЕМЕН. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Дін істері бойынша департаментінің директоры қызметіне Манарбек Әзімбекұлы Мұхамеджанов тағайындалды.
None
None

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аппаратқа жаңа басшысы таныстырды

Ведомствоның жаңадан тағайындалған басшысы 1954 жылы Тарбағатай ауданының Жалғызтал ауылында дүниеге келген, екі жоғары білімі бар. Ол 1981 жылы «журналистика» мамандығы бойынша С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 2001 жылы «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша мемлекеттік қызмет Академиясын тәмамдаған.

Өзінің еңбек жолын Тарбағатай ауданының кеңшарында қарапайым қызметкер болып бастаған.

Ол «Ақжар» совхозында комсомол комитетінің хатшысы болып жұмыс жасаған, аудандық халық депутаттары аудандық атқару комитетінің төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы болған.

Кейін ол ШҚО Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары, ҚР Ақпарат министрлігі ШҚО бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Осы қызметке тағайындалмас бұрын Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар