16:13, 10 Маусым 2016 | GMT +5
Дін істері комитетінің экстремизммен күресуге арналған бюджеті бір мектептің құнынан үш есе аз
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің экстремизмнің алдын алуға арналған бір жылғы бюджеті бір мектеп құрылысының құнынан үш есе, тіпті, төрт есе аз қаржы. Бұл туралы комитет төрағасы Ғалым Шойкин мәлім етті.

«Комитет құрылғанда, 2014 жылы біздің діни экстремизмнің алдын алуға арналған бюджетіміз 200-300 млн теңгені құрады. Бұл бір мектеп салуға кететін қаражаттан үш есе аз ақша. Тіпті, төрт есе шығар»,-дейді Ғ.Шойкин.
Бірақ, Ғалым Шойкин атап өткендей, мәселенің мәні қаражатқа емес, жүйелі күрес жұмыстарының нәтижесіне келіп тіреледі.
«Бірақ, менің айтарым, мәселе тіпті ақшада емес, мәселе жүйелі жұмыстың нәтижесінде. Себебі, көп нәрсені түсіндіру керек. Сондықтан, діни эекстремихзмге қарсы нәтиже беретін жүйелі жұмыс істемекпіз. Бай мемлекет болсын, кедей мемлекет болсын, зайырлы ел болсын, діни ел болсын, ол елде терроризм болмайды дегенге ешкім кепіл бере алмайды»,-деді Ғ.Шойкин.