Дін мәселесін реттеуге бағытталған жаңа заң жобасының талаптары өркениетті елдердікінен әлдеқайда либералды ? Халықаралық «Руханият» университетінің ректоры

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Дін мәселелерін реттейтін жаңа заң жобасы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің заңдарымен салыстырғанда әлдеқайда либералды.
None
None
Бұл туралы бүгін Конституциялық кеңестің қарауында жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына байланысты журналистермен болған кездесуде, Халықаралық «Руханият» университетінің ректоры Мұрат Мыңбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның пайымдауынша, жаңа заң жобасындағы адам құқықтарын сақтау мен өзге де демократиялық ұстанымдарға байланысты мәселелер өркениетті елдердің көбісінің осы бағыттағы заңдарынан көш ілгері. «Өйткені, біздің заң елдегі діни конфессиялар мен ағымдардың сенім бостандықтарына кедергі келтірген емес. Алайда біз зайырлы мемлекет ретінде әрбір діни ұйымның жұмысын Конституцияға сәйкес реттеуіміз қажет. Яғни өзге дін өкілдері Қазақстан азаматтарының құқықтарын бұзбаулары керек», деді ректор. Оның пікірінше, қазір қоғамның назарын ерекше аударып отырған жаңа заң жобасы халықаралық талаптарға толық жауап бере алады. «Біз жергілікті діни ұйымдардың адам санын 10 мыңнан 5 мыңға дейін, одан соң 50 адамға дейін кеміттік. Ал Еуропаның Австрия, Германия, Франция сияқты дамыған елдерінде шіркеу мәртебесіне ие болу үшін 10 мың немесе 16 мың, кей жағдайда тіпті 30 мың адам болуы қажет. Осы тұрғыдан алғанда, біз қабылдағалы отырған заңды толық демократиялы деуге болады. Ал көпшілік тарапынан аталмыш құжат азаматтардың құқықтарын, діни сенім бостандығын шектейді, ол белгілі бір діннің мүддесін қорғауға бағытталған деген сын-ескертпелерді естігенде қайран қаласың. Өйткені, әлемдегі өркениетті мемлекеттерде бұл мәселе өте қатаң бақыланады», деді М.Мыңбаев.
Соңғы жаңалықтар