"Дін туралы" жаңа заң бойынша ол қолданысқа енген соң 1 жылдың ішінде діни бірлестіктер қайта тіркеуден өтуі керек - халықаралық конференция

МАТЫ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда 310 шетелдік миссионерлер тіркелген. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан "Исламның дамуының жаңа бағыттары және олардың Орталық Азиядағы тұрақтылыққа тигізетін әсері" деп аталатын халықаралық конференцияда айтылды.
None
None

"Республикадағы 310 шетелдік миссионердің 124-і - Рим католик шіркеуінен, 42-сі - Орыс православ шіркеуінен, 90-ы протестанттар, 48-і - исламдық, бесеуі - иудаизм, біреуі буддизм дін таратушысы. Қазіргі таңда елімізде 4513 діни бірлестік бар. Олардың кейбіреуі 10 адамнан құралған. "Дін туралы" жаңа заң бойынша ол қолданысқа енген соң 1 жылдың ішінде діни бірлестіктер қайта тіркеуден өтуі керек", - дейді ҚР Дін істері агенттігінің Алматы қаласындағы департаментінің директоры Ершат Оңғаров. Оның айтуынша, 16 қарашада Астана қаласында І Қазақстан дінтанушылар форумы өтті. Діни бірлестіктердің өкілдері, дінтанушы-ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысқан бұл шарада дінтанушылар ҚР Дін істері агенттігі төрағасының ұсынысымен Қазақстанның дінтанушылар қауымдастығы құрылды.

Соңғы жаңалықтар