Динара Сәдуақасова Азияның ең үздік шахматшысы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын берілетін «Asian Chess Excellence Awards» сыйлығын тапсыру рәсімінде қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова Азияның 2017 жылдағы ең үздік шахматшысы деп жария етілді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстанның шахмат федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Салтанатты рәсім 23 желтоқсан күні Әл-Аиндегі (БАӘ) Азияның шахмат саммитінде өтті.

«Жерлестерімнің жеңісімен мақтанамын. Динара Сәдуақасованы құттықтай отырып, оған жаңа табыстар тілеймін», - деді федерацияның вице-президенті Берік Балғабаев.

null 

Халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова - қыздар арасында әлемнің төрт дүркін чемпионы. Ол - елдегі шахматшы қыздардың ең үздігі.  Оны ЮНИСЕФ ұйымы Қазақстандағы ерікті елшісі етіп сайлады,

null null 

Соңғы жаңалықтар