13:00, 02 Қараша 2017 | GMT +5
Динара Сәдуақасова Орталық Азияның шахмат ханшайымы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Динара Сәдуақасова Қазақстан және Орталық Азия шахматшылары арасында жоғары рейтингке ие болды, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясы.
Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) мәліметінше, қазақстандық шахматшы, ерлер арасында халықаралық шахмат шебері Динара Сәдуақасованың рейтингі 2460-қа дейін өскен. Осылайша, ол әлемнің үздік шахматшылары тізімінде 23-інші орынға көтерілді.
Бұл Қазақстан және Орталық Азия әйелдер шахматы тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
Қазіргі уақытта спортшы Азия шахматшылары рейтингінде сегізінші орынға ие, ал Қазақстан рейтингінде көш бастап тұр. Алдағы жоспарлары жайлы айтқанда, Динара 5 қараша күні елорданың ірі сауда орталықтарының бірінде Шахмат академиясының Қазақстандағы UNICEF өкілдігімен бірлесіп өткізетін блиц-шахмат турниріне қатысатынын айтты. Аталған жарыс дүниежүзілік балалар күніне арналған.