«Дінаралық келісімді құру жөнінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дөңгелек үстел отырысын Қазақстан Республикасы мәдениет вице-министрі Телебаев Ғ.Т. ашты. Қазақстандағы дінаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясат басымдықтары туралы Сенат Депутаты Есім Ғарифолла және Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А.П. Әбуов өз сөздерінде атап өтті. Сонымен қатар, діни ұйымдар өкілдері мәдениетаралық және конфессияаралық келісімді орнатудағы Қазақстанның оң тәжірибесі және дінаралық келісімді дамыту бойынша діни ұйымдардың ынтымақтастық келешектері туралы сөз қозғады.
Сондай-ақ, дөңгелек үстел отырысына Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының, Мемлекет және құқық тарихы институтының, Еуропалық құқық және адам құқығы институтының, «Цесси-Қазақстан» салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институтының жетекші ғалымдары қатысты.