Дінаралық сұхбатты екі негізгі қағида арқылы жүзеге асыруға болады - АҚШ-тың шіркеуі

АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Дінаралық сұхбатты жүргізудің екі негізгі қағидасы бар. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезі аясында «Сұхбат және ынтымақтастық» секциясы бойынша баяндама жасаған Америка құрама штаттарындағы православие шіркеуінің басшысы Леонид Кишковский айтты,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бірінші қағидаға сәйкес сан алуан діни ұйымдардың өкілдері басқосып, жиналған кезде өздерінің діни көзқарастарын ашық білдіруі тиіс. Екінші қағида бойынша олар бір-біріне деген құрметпен қарауы тиіс. «Сонда ғана елдегі діндер өзара келісім мен бейбіт қарым-қатынастарда өмір сүре алады», - дейді Л.Кишковский. Шіркеу басшысы атап көрсеткендей, дінаралық сұхбат жоғарғы дінбасылары мен елбасшылары арасында ғана емес, қарапайым азаматтардың арасында да орын алуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар