Дінбасы Гонконг мүфтиін қабылдады

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет Гонконгтың мүфтиі Мұхаммед Аршадты қабылдады.
None
None

Кездесуде дін қайраткерлері Исламды қабылдап қана қоймай, әлемдік руханиятқа сүбелі үлес қосқан қазақ топырағынан шыққан ғұламалар жайлы пікір алмасты. Аспан асты елінен келген қонақ еліміздегі дін насихаты жүйелі жүргізіліп, имам-молдалардың сауатын арттыруда нақты шаралар жасалып жатқаны жайлы ойларымен бөлісті. Бас мүфти игі дәстүрге сай, Мұхаммед Аршадқа наурыз айында Лондонда тұсауы кесіліп, әлемнің ірі кітапханаларына, жалпы оқырмандарға ағылшын тілінде тараған «Ислам - бебітшілік пен жасампаздық діні» атты кітабын сый етті.

Гонконг мүфтиі ҚМДБ төрағасын өз еліне ресми сапармен келіп қайтуға, Қазақстан мен Гонконг діни басқармалары арасында ынтымақтастық жасау мақсатында келісім-шартқа қол қою жайлы ұсыныс жасады. Өз сөзінде ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан үйренері көп екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар