Діндер съезі Н.Назарбаевтың ерекше маңызды және айрықша бастамасы болып табылады - Елші Бедржих Копецки

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Чехия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бедржих Копецкиді қабылдады.
None
None

Жүздесу барысында тараптар Қазақстан мен Чехияның ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасып, дипломатиялық қатынастар орнаған уақыттан бері елдер арасында өзара іс-қимылдың барлық деңгейі бойынша сындарлы үнқатысу қалыптасқанын атап өтті.

Сенат спикері Чехия Қазақстанның Еуропалық Одақ елдері арасындағы маңызды әріптесі болып табылатынын айтып, еліміздің сыртқы саяси бастамаларына қолдау білдіргені үшін чех тарапына алғысын жеткізді.

Сонымен қатар, әңгіме барысында парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелеріне тоқталған  Қ.Мәми, Қазақстан мен Чехия парламенттерінің жоғарғы палаталары арасында тығыз достық қатынастар қалыптасқанын да атап өтті. Бұдан бөлек, жүздесуде Сенат Төрағасы, Съезд Хатшылығының басшысы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алдағы IV Форумы туралы да хабарлап өтті. Оның айтуынша,  діни құндылықтардың жаһандық тұрғыда өзара кірігуіне елеулі үлес қосқан Съезд надандық пен террор иделогиясына діннің киелі мұраттарын алғаш рет қарсы қойып отыр.

Өз кезегінде Елші: «Шын мәнінде, Съезд Президент Н.Назарбаевтың ерекше маңызды және айрықша бастамасы болып табылады. Қазақстан мәдениеттер мен діндер арасындағы үнқатысуға, бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы әлем қоғамдастығының күш-жігеріне өз үлесін осылайша қосып келеді деп білемін», - деп атап өтті. Сонымен қатар, Б.Копецки Чехия Сенатының төрағасы М.Штехтің өзінің қазақстандық әріптесін қолайлы кез-келген уақытта Чехия Республикасына ресми сапармен келуге шақыруын Қ.Мәмиге жеткізді.

Соңғы жаңалықтар