Дінді жымысқы мақсаттарға пайдалану әрекеттері жиілеп барады - Кьелл Бондевик

Біз дінге деген осындай көзқараспен барынша күресуіміз қажет», деді бүгін Норвегияның экс- Премьер-Министрі Кьелл Бондевик.Бұл пікірін ол бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезі барысында журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, мұндағы басты мақсат - адамдарды олардың мәдени және діни көзқарастарының әралуандылығына қарамастан, оларды бір-біріне жақындата білу. «Сонда біз өзіміздің ортақ құндылықтарымыздың қаншалықты көп екендігін байқаймыз. Бұл мәселе осыған дейін де көтерілген. Ал біз айтып отырған құндылықтардың қатарына адамдардың ар-ожданын жатқызуға болады. Осындай құндылықтар арқылы біз адамдардың ең басты деген құқықтарын қамтамасыз ете аламыз. Бұл кез-келген діннің көздейтін басты мақсаты. Бұл әділеттілк пен шындықтың идеясы», деді Кьелл Бондевик.