Діни экстремизмге қарсы насихатты жүйелі жүргізу керек - Павлодар облысының әкімі

Жиынға қатысушылар өңірдің терроризмге қарсы комиссия жұмысын ұйымдастыру, діни экстремизм желісі бойынша контрнасихаттау жұмысы, мамандардың біліктілігін арттыру, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік нысандар мен кәсіпорындарды терроризмге қарсы қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.
Отырыс барысында облыс әкімі Е. Арын мүдделі органдарды назарын өңірдің терроризмге қарсы қауіпсіздікке бағытталған жүйелі жұмысын ұйымдастыруға аудартты. Сонымен қатар мемлекеттік органдарға діни ұйымдар мен ҮЕҰ бірлесіп жастармен, әлеуметтік топтармен тұрақты түрде ақпараттық-насихаттау шараларын жүргізу ұсынылды.
Комиссия мүшелері терроризмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларының аймақтық жоспары мен терроризмнің алдын алудағы жаңашылықтарды түсіндіруге бағытталған Медиа-жоспардың қажеттілігін атап өтті.