12:47, 01 Шілде 2009 | GMT +5
Діни өзгешелік өзара ынтымақтастыққа кедергі бола алмайды - Әл-Азхар университетінің жоғарғы имамы
АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Алла тағала әлемді жаратқан кезде оның жеріндегі халықтарды әралуан етіп дүниеге әкелген.

Ол халықтардың діни сенімі әртүрлі болса да, құдайы бір. Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және кеілсім сарайында ашылған Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезі барысында Мысырдағы Әл-Азхар университетінің жоғарғы имамы шейх Мухаммад Сайд Тантауи осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Иә, бізде діни өзгешелік бар. Бірақ ол халықтар арасындағы ынтымақтастыққа кедергі бола алмайды. Себебі қасиетті Құран Кәрімде айтылғанындай, мұсылман халқы оған бейбіт ниетпен қарайтындарға дос болуы тиіс. Ал оған қарсы болғандарға жоламауы - парызы. Сондықтан ислам біріншіден, қауіпсіздікке шақырса, екіншіден, өзара теңдікті көздейді. Бұл таза ниетті қажет ететін дін», - деді өз сөзінде шейх Мухаммад Сайд Тантауи.