«Дипломмен ауылға»: Алматы облысында 553 маман бір реттік көтермеақы алады

Қаңтар-қазан айлары аралығында 477 маман жалпы сомасы 66,2 млн. теңгені құрайтын көтермеақы алып үлгерген. Ал 286 маман үй сатып алу үшін жалпы сомасы 840 млн. теңге болатын кредит алған.
2009-2014 жыл аралығындағы 5 жыл ішінде Алматы облысында 4062 маман жалпы сомасы 448,3 млн. теңгені құрайтын көтермеақыны қолына тигізген. Соның ішінде 2014 жылы 602 адам алған. Жалпы көтермеақы алғандардың ішінде 2680-і - білім саласының қызметкерлері, 949-ы - денсаулық саласының маманы, 85-і - мәдениет, 22-сі - спорт, 33-і - әлеуметтік қамсыздандыру және 113-і ветеринария саласының мамандары.
Тұрғын үй сатып алу үшін жалпы 1688 маман 3,7 млрд. теңгені құрайтын кредит алды. Жалпы кредит алғандардың 1188-і - білім саласының қызметкерлері, 372-і - денсаулық саласының маманы, 44-і - мәдениет, 11-і - спорт, 20-сы - әлеуметтік қамсыздандыру және 53-і ветеринария саласының мамандары.