«Дипломмен - ауылға» бағдарламасы шалғайдағы аудандарда да жүйелі жүзеге асырылуда - БҚО

АЛ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы шалғайдағы аудандарда да жүйелі жүзеге асырылуда. Соның бірі - Қазталов.
None
None

Кезінде екі аудан (Қазталов, Жалпақтал) қосылып, ірілендірілген аймақтың орталығы Қазталов болып белгіленген еді. Қазталов - облыс орталығынан едәуір шалғай жатқан, жол қатынасы қиын аудандардың бірі.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, 2009 жылы ауданға келген 58 маманға 90720 теңгеден 5223,3 мың теңге қаржы бөлініп, көтерме жәрдемақы берілген болатын. Мамандардың 44-і білім беру, 11-і денсаулық саласы, үшеуі - мәдениет саласының кадрлары. Ал өткен жылы 49 жас маманға (6-ы денсаулық, 39-ы білім беру, төртеуі мәдениет) 98910 теңгеден 4896,0 мың теңге қаржы жұмсалған. Былтырғы жылы баспана үшін несие ұсыну да қолданысқа еніп, 18 жас маманға 13972,3 мың теңгеге бюджеттік несие берілген.

Жас мамандарды қолдау биыл да өз жалғасын тапты. Бұлардың көбі білім беру саласынан екен. 51 жас маман (төртеуі денсаулық, 17-сі білім беру, екеуі мәдениет) ауданға жұмыс жасауға келіп, 105840 теңгеден, барлығы 5452 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алып отыр. Жыл басынан бері 8 маман (1-еуі денсаулық саласы, 6-ы білім беру, 1-еуі мәдениет) тұрғын үй алуға 8975,9 мың теңге бюджеттік несие алған.

Соңғы жаңалықтар