«Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес БҚО-да 526 жас маман аудандарға орналасты

ОРАЛ. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес өткен жылғы он бір айдың өзінде 526 жас маман аудандарға орналасты.
None
None

Бұлардың 67 пайызын мұғалімдер құраса, 18 пайызы денсаулық, 6 пайызы мәдениет, 3 пайызы спорт, 2 пайызы әлеуметтік қамту, 4 пайызы малдәрігерлік салаға тиесілі. Ауылдарға бет алған жас мамандарды қолдау бағытында ел қазынасынан өткен жылы 812,7 млн. теңге бөлінді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша елге келгендердің жағдайы жақсы. Мұны Қазталов ауданы Жалпақтал ауруханасына қыз­метке келген Айгүл Ақмурзина мен Александр Подопригораның өмірінен келуге болады. Олардың екеуі де «Емдеу ісі» мамандығын тәмамдаған. Қа­зір Айгүл - тәжірибелі дәрігер Ай­нұр Хайруллинаның көмекшісі, ал Александр хирургия кабине­тінде еңбек етеді. Айгүл өзінің еңбек жолын Зеленов ауданының Дариян ауылында бастап, Жал­пақ­тал ауылына келін болып түсіпті. «Бұл мамандық менің арманым бо­латын. Медициналық ұжым ме­ні жақсы қарсы алды. Ендігі мінде­ті­­міз - сенімді ақтау», - дейді Айгүл.

Бір қызығы, Жалпақтал ауруханасына сонау Өзбекстаннан да жас маман жұмысқа келген . Өзбек елінен келген Ба­һадүр Буабаев Қарақал­пақстан жерінде дәрі­гер­лер отбасында дүниеге келген. Орта мектепте білім алған жас жігіт ата-анасының жолын қуып, Таш­кенттің медициналық академия­сына 2001 жылы оқуға түсіп, 2008 жылы «Жалпы тәжірибелі дәрі­гер» мамандығын алып шы­ғады. Жо­ғары білімді Баһадүр Ташкенттің мамандандырылған кардиология орталығында емхана-орденатурасында білімін жалғастырып, кейін 2010 жылы Ташкент облыстық ауруханасында кардиолог болып қызмет етеді.

«Менің Қазақстанға бараты­нымды үйдегілер естігенде алға­шында қарсы болды. Кейін келісімдерін берді. Себебі әкем - кардиолог, анам - терапевт дәрігер, Наргиза есімді жолдасым да кардиолог болғандықтан, жас маман­дардың ауылдық жерлер­де же­тіспей жатқандығын естіп келісті. Алдыңа келген науқастар­дың өмі­рі алдымен Алланың, сонан соң дәрігердің қолында емес пе? Сон­дықтан да қолдан келгенше кө­мек көрсету - міндетім. Келген уа­-қытта аудан әкімі Нұрлан Мағаз­ұлы қабылдап, тұрғын үй береті­нін айтып, уәде еткен. Үй беріп жатса, отбасымды көшіріп алып келемін. Аз ғана уақыт аралығын­да ұжыммен де, халықпен де тез тіл табысып кеттім, барлығы жақсы болып жатса, осында қалғым келеді», - дейді Баһадүр Жаңабайұлы.

Соңғы жаңалықтар