Disney мультфильмдерінің қазақшаға қалай дыбысталатыны көрсетілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа жыл қарсаңында «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында «Disney» апталығы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Disney мультфильмдерінің қазақшаға қалай дыбысталатыны көрсетілді

Жаңа жылды Ұлттық арнада Disney-дің «Ұйқыдағы ару», «Ральф интернетке қарсы», «Мұзды өлке», «Көліктер», «Бикеш пен Қаңғыбас» «Джунгли кітабы» мультфильмдері қазақша көрсетілетін болады.


«Мультфильмдерді дыбыстау үлкен еңбек. «Disney» компаниясының талаптары да қатаң. Сүйікті мультфильмдеріңіз қазақша қалай дыбысталатыны қызық болса, видеоны көріңіз», делінген Ұлттық арнаның хабарламасында.