Disney OpenAI-ға $1 млрд инвестиция салып, өз кейіпкерлерін ЖИ-платформаларға лицензиялады
АСТАНА. KAZINFORM — OpenAI Walt Disney компаниясымен үш жылдық лицензиялық келісім жасасты. Енді ChatGPT Images және Sora пайдаланушылары Disney, Marvel, Pixar және Star Wars әлемдеріндегі 200-ден астам кейіпкерді сурет және видеоролик жасау үшін қолдана алады. Бұдан бөлек, Disney OpenAI-ға 1 миллиард доллар инвестиция салатыны белгілі болды, деп жазды 24 kg.
Walt Disney Sora видео жасау платформасымен контентті лицензиялау бойынша алғашқы ірі серіктеске айналады. Сонымен қатар OpenAI платформасы пайдаланушылары жасаған бейнелердің арнайы топтамасы Disney+ сервисінде көрсетілмек.
— Технологиялық инновациялар көңіл көтеру индустриясын үнемі өзгертіп, керемет оқиғаларды жасау мен таратудың жаңа тәсілдерін ашады. OpenAI-мен серіктестік арқылы біз генеративті жасанды интеллект көмегімен осы мүмкіндіктерді ойлы әрі жауапты түрде кеңейтеміз, сондай-ақ авторлар мен олардың еңбектерін құрметтеп, қорғаймыз, — деді The Walt Disney Company бас директоры Роберт А. Айгер.
Бұған дейін Walt Disney өз кейіпкерлерін ИИ-платформалар пайдаланғаны үшін сотқа жүгінген болатын.
Айта кетейік, Disney компаниясының кезекті фильмі қазақ тілінде сөйлейді.