Дисплазияны емдеуде бәрінен де әжелеріміздің әдісі тиімді

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Қазір шыр етіп дүние есігін ашқан сәбилерге ортан жіліктің ұршық басы дисплазиясы деген диагноз көп қойылатын болды.
None
None

«Жалпы, дисплазия деген қандай ауру, ол неден пайда болады, оның алдын алу үшін не істеу керек?» деген сұрақтарға «Алаш айнасы» газетінде ортопед маман Жұмахан Молдақұлов жауап береді: «Негізі, дисплазияның түрлері өте көп. Соның ішінде ұршық басы диспла­зиясы туралы айтатын бол­сақ, бұл нәресте ананың жатырында жатқан кезінде сүйек­тері мен жіліктерінің дұрыс дамымауынан пайда болады. Бұған тұқымқуалаушылық, анасының жүкті кезінде түрлі сырқаттармен ауыруы, сәбидің ірі бо­луы, экологиялық жағдай, дұрыс тамақтанбау - осы­ның бәрі әсер етеді. Мұны дер кезінде емдемесе, бала аяғының кемістігіне, бір аяғының екіншісінен қысқа болуына әкеліп соғады. Мұны емдеу үшін ортопед дәрігерлер нәрестенің буындарын сылап-сипап, физиотерапия жасап, емдік үзеңгі кигізеді. Бұл жерде ата-аналар да нәресте дүниеге келген соң оның буын­дарына массаж жасап, қимылдатып отыруы керек. Бұрын әжелеріміз нәресте дүниеге келгеннен бастап, бесікте ұйықтап тұрған сайын сәби­дің жауырыны жабысып қалмасын, қозғалыста болсын деп үнемі аяқ-қолдарын тартып, сылап-сипап отыратын. Қазіргі ата-аналар осыны аз жасайды. Сондықтан мен бұған аса мән беру керектігін айтар едім».

Соңғы жаңалықтар