Дияр Нұрғожай UFC турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберді. 

Дияр Нұрғожай UFC турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды
Фото: sportilinet.kz

Отандасымыз Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC Fight Night 254 турнирінде Брендсон Рибейромен (16-7) кім мықтыны анықтады. Ауыр салмақтағы спортшылар арасындағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған. Дегенмен Диярды бразилиялық файтер 2-раундта қолды ауырту әдісі арқылы жеңіп кетті. 

Дияр Нұрғожай 1997 жылы 22 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. Бала кезінде грек-рим күресі және қоян-қолтық спортымен шұғылданды. 

2021 жылы панкратион спортынан 100 келі салмақта әлем чемпионы атанса, жекпе-жектен Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды. 2017 жылдан бері аралас жекпе-жектен сынға түсіп келеді.

Еске салсақ, әлем чемпионатында қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды. 

Соңғы жаңалықтар