Дизайны өзгерген номиналдық құны 10 000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі дизайны өзгерген номиналдық құны 10 000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы бойынша ресми хабар таратты.
None
None

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155 Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлт­тық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Бас­қармасының «2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 107 қаулысы алғашқы ресми жариялан­ғаны­нан кейін күнтізбелік он күн өткен соң дизайны өзгерген номиналдық құны 10 000 теңгелік банкнотаны айналысқа шығарады.

Дизайны өзгерген номиналдық құны 10 000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы

Банкнота өлшемі 149х79 мм қағазда дайындалған.

Бет жағында: басым түс күлгін көк, суреттер негізінен тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер: банкнотаның оң жа­­ғында «Қазақ Елi» монументі және төменгі бөлігінде ортада ұшып жүрген кептердің бейнесі. Жоғары бөлігінде Қа­­­зақстан Республикасының мемлекеттік нышандары бейнеленген: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту. Сол жақ­та төменде және жоғары жақта номиналдың цифр­лық бел­гі­ленуі басылған, сол жақта ортада - но­миналдың мем­ле­кеттік тілдегі әріптік белгіленуі жазыл­ған. «ҚАЗАҚ­­­­СТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу сол жақ жоғарғы бұрышта орналасқан, оның үстінде қолдан жа­сағаны үшін жауап­кершілік туралы ескертетін мемлекет­тік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудала­на­ды» деген жазу бар.

Сырт жағында: басым түс күлгін көк, суреттер негізінен көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейне: Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы Ақорда, артқы көріністе Қазақстан картасының пішіні. Сол жақта төменде, оң жақта жоғарыда және оң жағынан ортаға қарай банкнота номиналының цифрлық белгіленуі, ал төменде ортасына қарай - орыс тілінде әріптік белгіленуі орналасқан. Жоғарыда ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу басылған, сол жақ жоғарғы бұрышта ақ түсті бос орында қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген жазу орналасқан.

2012 жылғы үлгідегі номиналдық құны 10 000 тең­гелік банкноталардың 2006 жылғы үлгідегі номиналдық құны 10 000 теңгелік банкноталармен қатар қолданылу кезеңі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы»» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 107 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады және 2014 жылғы 10 сәуірде аяқталады.

Қатар қолданылу кезеңінде 2012 және 2006 жылғы үлгідегі банкноталардың екі түрі де Қазақстан Респуб­ликасының бүкіл аумағында заңды төлем құралы болып табылады және номиналдық құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша және ақша аударымдарын жасау үшін қабылдануға міндетті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, заңды төлем құралы болып табылатын банкноталар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Әкімшілік құқық бұзу­шы­лықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар