Дмитрий Багаевтың павлодарлық мұражай-үйі өзінің 10 жылдығын атап өтті

ПАВЛОДАР. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда Дмитрий Багаевтың мұражай-үйінің ашылғанына 10 жыл толды.
None
None

«Фотограф пен өлкетанушының есімі берілген біздің мұражай бірегей - бұл секілді мұражай республикамызда жоқ», - деп атап өтті оның меңгерушісі Луиза Артамонова.

Фотограф Дмитрий Поликарпович Багаев ХХ ғасырдың басында Павлодарда алғашқы сәуле жазу салонын ашты. Бірақ ол тек павлодарлық ақсүйектер - көпестер мен ауқатты азаматтарды суретке түсіріп қана қоймай, өзінің ағаштан жасалған камерасымен облыстың барлықтай дерлік өңірін аралап өтті.

100 жылдан астам бұрын салынған фотографтың үйінде оның павильоны, аппараты мен жиһазы сақталған. Ең бастысы, мұнда мыңдаған фотопластина мен суреттер, Павлодар өлкесінің тарихынан хабар беретін құнды мұрағаттар баршылық.

Мұражай қоры ылғи толықтырылып отырылады. Мұнда жергілікті суретшілер, Қазақстан, Германия, Аргентина мен Ресейдің фотоклубтары өз көрмелерін ұйымдастырып тұрады.

Соңғы жаңалықтар