Дмитрий Баландин жүзуден Қазақстан чемпионы атанды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбеде жүзуден Қазақстанның ашық чемпионаты өтіп жатыр. Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин 100 метрлік қашықтықта алдына жан салмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

24-27 сәуір аралығында өтетін жарыстың алғашқы жеңімпаздары анықталды. Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин 100 метр қашықтықта бірінші орын алды. Жарысқа барлығы 250 спортшы қатысып жатыр. Олар еліміздің әр өңірінен және Астана мен Алматы қалаларынан, Ресейден келген. Ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және жүзуден 4 дүркін Олимпиада ойындарының чемпионы, 6 дүркін Әлем чемпионы Александр Попов, Украинаның жүзуден құрама командасының бас жаттықтырушысы Андрей Сердинов қатысты.

«Соңғы үш күн спортшылар мен жаттықтырушылар үшін ерекше өтіп жатыр. Себебі, ашық чемпионат қарсаңында Беларусь, Украина, Ресей Федерациясы мамандарының қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция барысында спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыз біліктілігін арттырып, үлкен нәтижелерге қол жеткізеді деген ойдамын. Жарыс қатысушыларына жаңа жеңістер тілеймін»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ақтөбеге келген спортшылар жүзу шеберлерінен тәжірибе алып, біліктіліктерін арттырған болатын. Оларға әлем чемпиондары дәріс берді.

«Биыл Азия ойындары болады. Қазақстандағы ашық чемпионат спортшылардың жаттығуына, дайындалуына, осылайша екі жылдық олимпиадалық циклге дайындалуға септігін тизігеді деп айта аламын», - деді Александр Попов.
null

Ақтөбе облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалада өтіп жатқан чемпионат кезінде Индонезияда өтетін жазғы Азия ойындары мен Аргентинада өтетін жазғы Жастар Олимпиада ойындарына баратын спортшылар анықталады. Жарыстың алғашқы күні жеңіске жеткен Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин алдағы жоспарымен бөлісті.

«Менде бала кезімнен Олимпиада чемпионы болу мақсаты болған жоқ. Алайда, 2014 жылы жүзуден өткен халықаралық турнирде ең жоғарғы нәтиже көрсеттім. Сол сәттен кейін ойыма «неге Олимпиада ойындарының чемпионы болмақса» деген ой келді. Осы оймен ғана үлкен жеңіске жеттім деп ойлаймын. Алдағы мақсатым -Токио ойындарына қатысу»,- деді Дмитрий Баландин.

Алғашқы күні әйелдер арасында алматылық Мария Федотова (50 метр), ерлер арасында астаналық Әділбек Мусин (50 метр), павлодарлық Аделаида Пчелинцева (100 метр), алматылық Дмитрий Баландин (100 метр), ақтөбелік Диана Злобина (200 метр еркін жүзу), Ресейден Иван Манин (200 метр еркін жүзу) иеленді.

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар