Дмитрий Панарин мен Айша Жұмабек бадминтоннан Бахрейнде өткен турнирде жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық спортшылар бадминтоннан Бахрейнде өткен Bahrain International Series II 2024 турнирінде топ жарды. 

Дмитрий Панарин мен Айша Жұмабек бадминтоннан Бахрейнде өткен турнирде жеңіске жетті
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 2024 жылғы Bahrain International Series II турнирінде отандастарымыз Дмитрий Панарин мен Айша Жұмабек аралас жұп категориясында бақ сынаған. 

Финалда қазақстандық жұп Дмитрий Панарин мен Айша Жұмабек үндістандық Кона Тарун және Шри Кришна Прия Кударавалли жұбымен кездесті. Панарин мен Жұмабек 18-21, 21-18, 21-12 есебімен жеңіске жетіп, аралас жұп категориясында алтын медаль жеңіп алды. 

Айта кетейік, аталмыш турнирде Дмитрий Панарин жекелей сында 6 кездесу өткізіп, қола медаль жеңіп алған еді.

Сондай-ақ бұған дейін қазақстандық теннисші Жібек Құламбаеваның әлемдік рейтінгіде жоғарылағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар