Дмитрий Патанин мен Нариман Курбанов Болгариядағы турнирде көш бастады

спорт
Фото: Olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Болгарияның Варна қаласында өткен Challenger Cup турнирінде үш медаль еншіледі. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, тұтқалы ат снарядында Нариман Курбанов 15.433 ұпаймен жеңіс тұғырынан көрінді. Күміс пен қоланы тиісінше Өзбекстан мен Хорватия спортшылары иеленді. 

Еркін жаттығуда қазақстандық Дмитрий Патанин 14.033 ұпаймен алтын жүлдегер атанды. Осы жаттығуда қола медальді тағы бір спортшымыз Салим Асанов (13.533) еншіледі. 

Айта кетелік, бұл Қазақстан құрамасының Олимпиада қарсаңындағы дайындық кезеңдерінің бірі саналады.

Соңғы жаңалықтар