11:53, 24 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирде америкалық теннисшіден айласын асырды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 214-ракеткасы Дмитрий Попко Лас-Вегас (АҚШ) челленджер турнирін жеңіспен бастады.

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген Дмитрий Попко бастапқы кездесуін әлемдік рейтингіде 707-орында тұрған америкалық Куинн Вандекастилмен өткізді.
Қазақстандық спортшы қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді.
Бір сағат 48 минутқа созылған бәсекеде Попко 3 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың екеуін құр жіберген жоқ. Вандекастил 6 эйспен көзге түсті.
Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін әлемнің 410-ракеткасы, тағы бір америкалық Андре Илаганмен шеберлік таластырады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің ATP турнирлеріндегі сегізінші титулын жеңіп алғанын жазған едік.