02:40, 24 Ақпан 2024 | GMT +5
Дмитрий Попко АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 325-ракеткасы Дмитрий Попко Наплес (АҚШ) ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 495-ракеткасы, румыниялық Габи Адриан Бойтанмен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Д. Попко 7:5 есебімен Г.Бойтанның мысын басты.
Екінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 7:6 (7:4).
Тартысты бәсеке екі сағаттан астам уақытқа созылды.
Дмитрий Попко финалға шығу үшін әлемдік рейтингіде 442-орында тұрған доминикандық Роберто Сидпен таласады.
Осыған дейін қазақстандық спортшы Флорида штатында қос бірдей жарыста жеңімпаз атанған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.