Дмитрий Попко Аргентинадағы жарыстың жартылай финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 417-ракеткасы Дмитрий Попко Буэнос-Айрес (Аргентина) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform. 

Дмитрий Попко Аргентинадағы жарыстың жартылай финалына шықты
Фото: Olympic.kz

Жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 268, осы доданың 4-ракеткасы, америкалық Тристан Бойердің мысын басты.

Бірінші партияда америкалық теннисші 3:0 есебімен алға кеткенімен, Д.Попко таразы басын теңестіріп қана қоймай, тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (8:6).

Екінші сетте қазақстандық спортшы бірден алға кетіп, жеңістік бермеді – 6:3.

Екі сағат 12 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Попко 1 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың екеуін мүлт жібермеді. Т.Бойер 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.

Дмитрий Попко финалға шығу үшін әлемдік рейтингіде 727-орында тұрған бразилиялық Жуан Фонсекамен сынға түседі.

Буэнос-Айресте табысты өнер көрсетуінің нәтижесінде қазақстандық теннисші қазірдің өзінде ATP Live рейтингісінде 382-сатыға көтеріліп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионатына қатысу үшін Мельбурнға келгенін жазған болатынбыз.

Александр Бублик Аустралиядағы турнирдің финалына шыға алмады.

Соңғы жаңалықтар